Ауыл шаруашылығы

Теріскейліктер қысқа қамданып жатыр

Қазір қысқа қажетті отын дайындау басты назарда. Негізінен қартайған, ауруға шалдыққан аққайыңдар отынға кетеді. Ағаштар шөркеленіп, тұтынушысына жөнелтіледі. Отынға еліміздің өзге өңірлерінен де тапсырыс түсіп тұрады.

Вячеслав Карасев, “Глазок” ЖК орман шаруашылығы бойынша маманы

 

– Бізде тақтайлар дайындағанда түсетін қалдықтарды отынға жаратымыз. Күрек, айырдың саптарын, тұрмысқа қажетті тақтайларды әзірлеп, сатамыз.

Өткен 2013 жылы “Глазок” жеке кәсіпкерлігі 15 мың текше метр отынды саудалаған. Биылғы жылғы көлем 20 мыңға жақындапты. Көбіне өнім Якорь және Преснов елді-мекендеріне сондай-ақ, облыс орталығына да саудаланады. Бір жүкі көлігіне 6 текше метр отын сыяды екен. Ол тұрғындарға 25 мың теңгеден сатылуда.

Еркебұлан Байсмаков, “Соколов мемлекеттік орман мекемесі” МК директорының орынбасары


– Бізге әкімдік отынды тегін алатын тұрғындардың тізімін береді. Ол категорияға аз қамсыздандырылған отбастары мен мүгедектер кіреді.

Сагыныш Маркашева.