Қоғам

Мемлекеттік меншітегі стратегиялық емес нысандарды жекешелендіру

Петр Дмитриенко, “ҚР ҚМММЖК СҚ мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті” ММ басшысы

 

– Жекешелендіру – жеке бастың шаруасы емес. Мемлекеттік маңызы бар іс. Президент инвесторлар кеңесінің отырысында осы шараның екінші кезеңін өткізуді Үкіметке тапсырған. Осы бұйрық бойынша биыл 1-ші жарты жылдықта облысымызда 34 нысан жекенің қолына өтті. Нәтижесінде ел қазынасына 60 млн. тг пайда түсті.

Қазіргі таңда өңірімізде 300-ге жуық кәсіпорын тексеріс кезегінде тұр. Ондағы тиімсіз аумақтар тізімге алынып, саудаға қойылмақ. Петр Дмитриенконың айтуынша, бүгінде салық, кедендік бақылау департаменттеріне тиесілі аумақтарда қолданылмай жатқан жер телімдері бар екен.

Петр Дмитриенко, “ҚР ҚМММЖК СҚ мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті” ММ басшысы

– Өткен жылы біз 3 мың шаршы метрден артық аумақты жекешелендірдік. Оның 300 шаршы метрін мемлекеттік құрылымдарға тапсырдық. Себебі олар осыған дейін жеке сектарлардан ғимараттарды жалға алып келген. Оған ел қазынасынан көп қаржы жұмсалатын. Енді сол аумақ толық мемлекет қарамағына өтті.

“Орбита”, “Резерв”, Петропавлдағы әскери-техникалық мектеп, темір жол аумағында орналасқан ғимараттар. Аталған нысандар СҚО бойынша проблемалы кәсіпорындардың қатарына жатқызылып отыр. Олардан мемлекетке еш пайда жоқ. Соған байланысты жергілікті мамандар қазір билік өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, аталған нысандардағы бос жатқан жерлерді жекешелендіру туралы рұқсат сұрап жатыр.

Берик Касен.