Әр түрлі

Шілдеде ауа райы құбылмалы болады

 

Дмитрий Шпортько,”Қазгидромет” РМК СҚОФ инженер-синоптигі

– Шілде айынының бірінші онкүндігінде ауаның температурасы 8-13 градустан 28-36 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Кей күндері 4, 12 градус жылы болады. Түнде сынап бағанасы аздап төмендейді.

Жалпы шілде айы құбылмалы болады. Күн бірде жылынып, бірде суытады. Тек үшінші онкүндікте ауа температурасы біршама ысиды деп күтілуде. Жауын-шашын да бұл айда жиі түседі.

Дмитрий Шпортько,”Қазгидромет” РМК СҚОФ инженер-синоптигі

–  Жауын-шашын нормаға сай болады деп күтілуде. Яғни, екінші, үшінші онкүндікте жауын көп жауады. Кей жерлердле батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Жаз мезгілін, әсіресе шілдені тұрғындар асыға күтеді. Саяхатқа шығып, серуендеп, жағажайларда суға түскісі келеді. Бұған ауа райының құбылмалы болуы еш кедергі келтірмейді дейді солтүстікқазақстандықтар.

– Шілде айы ыстық болғанын қалаймыз. Өйткені, күнде серуендеуге немерелерімізбен шығамыз.

– Біз күн ыстық болмаса да серуендеп жүрміз. Әжелеріміз бұл айды негізі салқын болады деп болжап отыр. Қалай болатынын уақыт көрсетер.

Шілденің ең ыстық күні 1940 жылы тіркеліпті. Онда сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтерілген екен.

Ахметова Бану