Құқық қорғау органдары

Солтүстікқазақстандық 70 полицей ән байқауында өнерлерін ортаға салды

Болатхан Жаңбыршин – Уәлиханов аудандық ІІБ уақытша ұстау абақтысының кезекшісі.

-Бұл ән байқауының көздегені – полицейлерге деген құрметті арттырып, талантты офицерлерді анықтау болып табылады. Әріптестерімнің дайындық деңгейі жоғары. Бәріне сәттілік тілеймін.

Ән сахнасы құқық қорғаушылардың шені мен атағына қарамастан барлығын бір арнаға тоғыстырды. Жас офицерлермен қатар, жетекші қызметте жүрген аға буын өкілдері де өнерін ортаға салды.

Ән байқауында жеңіске жеткендер облыстық ішкі істер департаменттің намысын тамыз айында Павлодарда өтетін республикалық сайыста қорғамақ.

Бақыт Сәдуақасов облыстық ішікі істер департаменті баспасөз қызметінің көмегімен әзірленді.