Билік

Күш біріктіру арқылы спорттың олимпиадалық түрлерін дамыту

Руслан Есеналин, СҚО дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы.

-Өңірімізде 186 оқу-жаттығу топтарында бокс, дзюдо, таеквандо, ауыр атлетикамен шамамен 3000-ға жуық спортшы айналысады. Оларды 134 бапкер жаттықтырады. 9 ауданда жаңа материалдық-техникалық базасы бар бокс бөлімшелері ашылды. Қырғызстан мен Өзбекстан елінен білікті бапкерлерді шақырдық.

Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының СҚОФ ең алдымен Ерік Сұлтановтың бастамасымен ашылмақ.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Бізде жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері бойынша жетістіктеріміз аз емес. Енді оны уысымыздан шығарып алмай, серпін беру қажет. Солтүстіктің кейбір спортшылары қазір республикамыздың намысын әлемдік ареналарында қорғап жүр.

Бүгінде халықаралық дәрежеде ел намысын қорғап, жақсы нәтижелер көрсетіп жүрген талай спортшы теріскейден шыққан. Сондықтан конфедерация өкілдері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ел мүддесі үшін ортақ нәтижеге қол жеткізсек пе деген тілектерін білдірді.

Сәкен Мұсайбеков, спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының атқарушы комитеті төрағасының орынбасары.

-Елімізде конфедерация филиалын ашу жөнінде бірінші болып ұсыныс жасағаныңыз үшін сізге алғысымды айтамын. Алда сіздің қолдауыңызбен қордаланып қалған бірнеше мәселенің басын бірлесіп шешеміз деген үміттемін. Және өңіріңізде спортқа қолайлы жағдай жасауға тырысамыз.

Бұдан бөлек конфедерацияның атқарушы комитеті төрағасының орынбасары облыс әкімі Ерік Сұлтановтың ұсынысы бойынша келесі жылы Петропавлда сауықтыру кешенін салуға да өз үлесін қосатындығын айтты.

Кейін облыс әкімі Ерік Сұлтанов Сәкен Мұсайбековпен әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды.

Отырыстың соңында аймақ басшысы Ерік Сұлтанов дене шынықтыру мен спорт саласын дамытуға қосқан үлесі үшін жерлесіміз, кәсіпқой боксшы Жанат Жақияновты құрмет грамотасымен, ал 2 бапкерді алғыс хатымен марапаттады.

Берик Касен.