Мәдениет

Еліміздің бас шаһары – Астананың туған күні таяп қалды

 

Ол туындыны жасауға 2 айын жұмсаған көрінеді. Сағат 50 жыл жөндеуді қажет етпейді. Оны тек айына 2 рет 15 мәрте бұрап тұрса, уақыттан жаңылмайды. Оған қоса шебер президентке сонау патша заманынан сақталып қалған құмсалғыш, сиясауыт пен кезінде Абылай ханның келіссөздерде қолданған мөрінің көшірмесін қоладан құйып тарту етпекші. Владимир Баранов әсем Астананың әсем шаһар ретінде бой көтеруіне жол салған президентімізді батыл қадамдары үшін пір тұтады.

Владимир Баранов, ақын, коллекционер, 2-топтағы мүгедек.

-Елбасымыз еліне қалтқысыз еңбек етіп, туған жерін шексіз сүйетіндігін нақты істерімен дәлелдеп жүр. Соған дәлел – әлемде теңдесі жоқ, ешбір елде кездеспейтін жаңа астананы тұрғызды. Сол ерлігі үшін бүгін алпауыт елдердің саясаткерлері онымен санасатын болды.

Кейде жерлесіміз мұражайларда өз көрмесін ұйымдастырады. Оның бірқатар туындыларын коллекционерлер 20 мың еуроға дейін бағалап, сатып алығысы келгендер де болған.
Сондай-ақ Владимир Барановтың ақындық қасиеті бар. 4 жылдың ішінде оның 13 жинағы жарық көрген. Бүгінге дейін дарын иесінің мыңнан астам өлеңдері басылыпты. 118 өлеңнен тұратын бір жинағы италиян тіліне де аударылған.

Владимир Баранов, ақын, коллекционер.

-Күнде 1,2 екі өлеңнен шығарамын. Көбінесе туған жер, туған-туыс пен махабатқа қалам тербегенді ұнатамын. Жақын арада президент Н.Ә. Назарбаев пен Астанаға арнап өлең шығарып қалуым да ғажап емес.

 

60-ты алқымдаған ақынның өмірінде жоспарлары әлі де көп. Мақсатына жету үшін ізденуден бір сәт қол үзбеймін дейді.

Берик Касен.