Спорт

Веложарыстан көпкүндіктің жеңімпаздары анықталды

Қайрат Қадылбек – жеңімпаз, Астана қаласы.

 

– Сайыс қиын болды. Соңғы шешуші кезеңде ғана бірінші болдым. Алдағы жоспарым тағы да осы Петропавлда болатын спартакиадаға дайындалу.

Алдыңғы жарыстарда бас жүлде иеленіп жүрген солтүстікқазақстандықтар бұл жолы небары 4 орынға табан тіреді. Алайда жерлес команданың сапында өнер көрсеткен Асан Серіковке ең жас қатысушы ретінде велоспорттан әлем чемпионы Алексей Куценконың жейдесі естелікке табыс етілді.

Жеңістерінен қанаттанған, сондай-ақ, бұл жолы жетістіктерге жетпесе де, әлі де жүлделерден дәмелі спортшылар елорданың туған күніне орайластырылған кубокты сарапқа салу үшін Астанаға аттанып кетті.

Риат Шони.