Әр түрлі

“Богатырский продукт” компаниясының сыйлықтары

 

 

“Өз сыйыңды тап” акциясы қыркүйектің 26-ында бастау алған болатын. “777” сауда маркісімен шығарылатын әр 10-шы шекілдеуік қаптамасына “Богатырский продукт” компаниясы лотореялық купон салады. Өстіп бір айлық игі шара аясында бір оқпен екі қоян атып алғандар анықталды.

 

Иван Макеев:

– “Богатырский продукт” өнімдерін күнделікті пайдаланамыз. Акцияға алғаш рет қатысып отырмыз. Жолымыз болып шәйнек ұтып алдық. Алғысымыз шексіз.

 

Нарықта мықтап бекіген 14 жылдың ішінде “Богатырский продукт” кәсіпорны тұтынушыларын сапалы өнімдерімен қуантып келеді. 20-дан артық аталыммен шығатын тұшпара, макарон өнімдерінің жартылай фабрикаттары елімізден бөлек жақын шетелде сұранысына ие. Ал “777” шекілдеуіктері енді саудалана бастағанымен брендке айналып үлгерген. Оның құпиясы – жаңа піскен күнбағыс дәндерін қуыру технологиясын жетілдіріуде. Шикізатты өңдеу үрдісінде толықтай озық үлгідегі заманауи әдістер пайдаланылады.

 

Виктор Загородний:

– Сыйлықты менің әйелім ұтып алды. Ол “үш жеті” шелкілдеуіктерін ғана шағады. Басқасын алмаймыз. Жақсы қуырылған, өте дәмді, дәндері ірі әрі таза.

 

11 петропавлдық сапалы өнім иемденумен қатар, бағалы сыйлық иегерлері атанды. Ұтысқа сенсорлық ұялы байланыс телефондары мен электр шәйнектер тігілген. Тосын сый тізімі бұнымен шектелмейді. Сондай-ақ акцияда 5 плазмалық теледидар мен 10 мың қаптама шелкілдеуік ойналады.

 

Марина Еленич:

-Біз шекілдеуіктің бір қаптамасын сатып алдық. Ішінен купон шықты. Оқысақ шәйнек ұтып алыппыз. Басында сенбедік. Бүгін айымыз оңынан туғанына көз жетті.

Қолында арнайы купоны бар ауылдыққа сыйлығын алу үшін облыс орталығына келудің қажеті жоқ. Компания жол машақатын да өздері шешіп қойған. Сауда өкілдері жеңімпазға ұтысын үйіне апарып береді. “Өз сыйыңды тап” акциясы әлі жалғасады. Келесі жеңімпаздар легі қараша айында белгілі болады.

 

Жеңіс Ермұқанов