Білім

Кәсіптен нәсіп табамын деген жастарға жол ашық

 

Илья Инжеватов, жеке кәсіпкер.

-Елімізде жастарға үлкен қолдау жасалып жатыр. Міне, бизнес-мектеп арқылы мен «Дәнекерлеу өндірісі бойынша өз ісімді аштым. Бұл мен ойлағандай онша қиын емес екен. Сондықтан жастарға айтарым, колледж, университеттерде жақсы оқып, осы бизнес-мектептің көмегіне жүгініңіздер. Жаңа білім ешқашан артықтық етпейді.

Бизнес-мектеп биыл қыста Борки кентіндегі кәсіптік-педагогикалық колледж жанында пилоттық жоба ретінде ашылды. Оған аталмыш колледжден дәнекерлеуші, құрылысшы және элекромеханик мамандықтары бойынша оқуында озат 50 студент таңдалып алынған. Олар 4 ай бойы теория мен тәжірибені ұштастырып, оқытушылар мен бизнесмендерден сабақ алды. 22-сі бизнес-жоспарларын ойдағыдай қорғап шығып, СҚО кәсіпкерлер сертификатына ие болды.

Владимир Литвиненко, СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары.

 

-Өңірімізде бизнес-мектептерді ашу идеясын біз ұсындық. Оны облыс әкімі қолдады. Жобаның өріс алуына үкіметтік, үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдар және кәсіпкерлерлер палатасы ат салысады. Бұл баламасы жоқ жоба деп есептеймін. Себебі, бизнес-мектеп өз жемісін қазірден бастап беріп жатыр. Мәселен, бірнеше тыңдаушы құжаттарын рәсімдеп, жақында өз кәсібін ашады.

Жылдың аяғына дейін бизнес-мектепті өңіріміздегі 29 колледжде ашу жоспарланып отыр.

Берик Касен.