МТРА жаңалықтары

11,8 млрд теңге жаңа инновациялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталады

Үйлестіру кеңесінде екінші бесжылдықта индустрияландыру картасына кіретін жобалар қарастырылды. Қазірдің өзінде үйлестіру кеңесіне 100 шақты ұсыныс түскен.
Мемлекеттік бағдарламаға қатысуды жаспарлап отырғандардың арасында “Алаугаз СК” ЖШС-і бар. Кәсіпорын керамикалық кірпіш шығаратын зауыт тұрғызбақ ниетте.

Марат Ысқақов, СҚО индустриалдық-инновациялық дамыту басқармасының басшысы.

 

– Жалпы, бұл жоба құны 328 млн. теңге. Жобалық қуаты 1 жылдың ішінде 3,6 млн дана керемикалық кірпіш шығаруға жетеді. Құрылыс жұмыстары кезінде 20 адам, ал кәсіпорын іске кіріскенде 60 адам еңбекпен қамтылады. Сапалы керемикалық кірпіштермен барлық облыс қамтылады деп күтілуде.

Облыс әкімі Ерік Сұлтановты зауыттың іске қосылатын уақыты қызықтырды. Бұндай өндіріс орны экономиканың алға басуына септесетінін айтқан өңір басшысы, комиссия мүшелеріне жобаға қолдау көрсетуді тапсырды.
Мұндай қолдауға ие болғандардың арасында “Богатырский продукт компаниясы “Север” сауда үйі” ЖШС-нің жобасы да бар. Кәсіпорын басшылығы дәнді дақылдарды терең өңдеу жөніндегі өндіріс кешенін салуды көздеген.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Жалпы мен бұл өндіріс орнында болып, жиын өткіздім. Аталған жоба еш кедергісіз қаржыландырылады. Қазір мәселе шешіліп жатыр.

«Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС өкілдері болса, «John deere” сервистік өндірістік орталығын салуды көздеп отыр. Бұл ұсыныс та комиссия мүшелері тарапынан бір ауыздан мақұланды.

Жалпы, үйлестіру кеңесінде 11 инновациялық жоба қарастырылды.

 

Ахметова Бану.