МТРА жаңалықтары

Көлік салығын төлеуге асығыңыз

Бүгінде көліктің тізгінін ұстап, салығын өтемей жүргендер аз емес. Осыған байланысты жыл басынан мемлекет салығын өтемеген азаматтарға қатысты 68 сот шешімі шыққан.

Айбас Нұртазин – Петропавл қаласы бойынша салық басқармасы жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы.

-Біз көлік салығын өтемеген азаматтардан соттың шешімі бойынша қарызды өндіріп алуға міндеттіміз. Егер борышкерлер мемлекетке берешегін қайтармаса, олардың автокөліктері айып тұрағына қойылады. Олар мемлекетке қарызын өтемегенше, темір тұлпарларын қайтара алмайды.

Бүгінгі таңда борышкер мемлекетке тиесілі салығын төлемеген жағдайда, оның елден шығуына тыйым салынады. Биылдың өзінде мойнында қарызы бар 19 тұлғаға шетелге баруға тосқауыл қойылған.

Ахметова Бану.