Денсаулық сақтау

Үстіміздегі жылдың 5 айында 13 адам жол көлік апатынан қайтыс болды

Осылайша, жолда жүру ережелерін ескермеудің арты сопқаты болатынын бәрі біледі. Бірақ, осындай фактілер көбінесе, асыққандықтың салдарынан тіркелуде дейді дәрігелер. Мәселен, үстіміздегі жылдың 5 айында 13 адам жол көлік апатында қайтыс болды. 123-і түрлі дене жарақаттарын алған. Бұл көрсеткіштерді өткен жылдың осы уақытымен салыстырсақ, былтыр жол бойында 17 адам қаза тауып, 169-ы жарақаттанған. Яғни, биыл көлік апаттарынан жапа шеккендердің біршама азайғандығы байқалады. Негізінен қайғылы оқиғалар қала мен елді-мекендерде орын алуда.

Валерий Грибашов, травматолгиялық пунктің меңгерушісі.

– Көлік апаты кезінде жарақат алғандарды емдеу, оларды оңалту ең күрделісі саналады. 2014 жылы қала мен ауыл жолдарындағы жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен 77 тұлғаға көмек көрсеттік. Қалған фактілер республикалық және халықаралық трассаларда орын алған. Байқағынымыз, биыл жолда мертігетіндердің саны азайған.

Әлі де болса, жаяу жүргіншілер көшелерді рұқсат етілмеген жерлерден қиып өтуде. Ал, авткөлікті тізгіндегендер болса, қарапайым ережелерді сақтамайды. Мас күйінде рөлге отырып, жылдамдықты тым асырады. Сондықтан, сақтықта қорлық жоқ дейді дәрігерелер. Дей тұрғанмен аяқ астынан жарақат алып жатқандар да кездеседі.

Марина Бушманова.

-22 мамырда мен аяғымды қайырып алдым. 11-інші маусымда Бескөлдегі аурухана бардым. Хирургқа кезекті көп тосып, нәтижесінде маған тек жақпа май ғана жазып берді. Бірақ нәтиже болмады. Жүре алмай қалдым. Сөйтсем, бармағым сынған екен.

Жалпы, осы күнге дейін 3 қалалық аурухананың травматологиялық пункті дәрігерлерінің көмегіне 8 мың 700 адам жүгінген.

 

Бану Ахметова.