МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандықтарға тиімді бизнес-жобалар ұсынылуда

Қайрат Айтуғанов – “ҚазАгро” ҰБХ” АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

-Агробизнесс 2020″ бағдарламасының негізгі операторы “Қаз Агро” холдингі. Біз ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру жұмыстарын бүгінде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында жүргізіп жатырмыз. Өткен жылғы несиелік қорымыз 196 миллиард теңгені құраса, 32 миллиард теңгесін СҚ облысына бағыттадық. Қаржы негізінен ауылшаруашылығы саласында игерілді. Биыл да ұсыныстарыңыз болса, қолдауға әзірміз.

“ҚазАгро” ұлттық басқару холдингі биыл ауылшаруашылығын әртараптандыруға бағытталған жалпы сомасы 200 миллиард теңгеге жуықтайтын 367 жобаны қаржыландырыпты. Ондай қолдаудан теріскейліктер де сырт айналмақ емес.

Ерлан Әукенов – СҚО әкімінің орынбасары.

-Бүгінде ауылшаруашылығын әрпатаптандыруға бағытталған 56 жобаны мақұлдадық. Оның жалпы сомасы 21 миллиард теңгені құрайды. Жобалардың тең жартысын биыл іске қосуға мүмкіндік бар. Тың бастамалардың дені ауылшаруашылығы, тамақ өнімдерін тереңдетіп өңдеуге бағытталған. Сіздердің ұсынған жобаларыңызды да өз арамызда талқылап, инвестициялық жоспарымызға енгізетін боламыз.

Жиын барысында теріскейлік кәсіпкерлер өз істерін одан әрі дамытуға қатысты көкейлеріндегі сауалдарын ортаға салып, нақты жауаптар алды.

Шағын және орта бизнесті дамытуда мемлекет тарапынан қашан да қолдау бар. Ал соңғы жылдары ауылшаруашылығын өнімдерін қайта өңдеуге айрықша назар аударылып отыр. Жиын барысында жобалардың әрқайсысы жеке-жеке талданып, оларды қаржыландыруда ел қазынасынан қанша ақша бөлінетіндігі де айтылды.

Самат Шаймерденов.