МТРА жаңалықтары

Республикалық сарапшылардың өңіріміздегі жұмыс сапары жалғасуда

Алтынай Жүсіпова, СҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы бөлімінің жетекшісі.

-СҚ мемлекеттік мұрағатында 500 мыңнан астам құжат сақтаулы. Оның 780 бірлігін электрондық нұсқасына көшіріп үлгердік. Біразы аса құнды және тұрғындар тарапынан жиі сұралатын құжаттар. Соңғы 5 айда облыстық мұрағаттан 7 жарым мың тұрғын құжат сұратқан. Теріскейліктердің біразы құжат көшірмелерінің көп бөлігін бізге келмей, алтернативті негізде, яғни ХҚКО-да және электрондық Үкімет порталы арқылы алыпты. Бұл біздің жұмысымызды айтарлықтай жеңілдетіп отыр.

Мұрағаттағылар тұрғындар сұратқан құжат көшірмесін 15 күнтізбелік күн ішінде береді. Жалпы министрліктерден келген сарапшы топ өкілдері мемлекеттік мекемеде атқарылып жатқан істерді бүге-шүгесіне дейін сұрап білуге тырысты.

Мейірман Ғұбайдуллаев ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бас сарапшысы.

 

-2 күндік тексеріс барысында мұрағатта қаржылық мәселенің барын, шет елге жіберілетін құжаттарды ақылы ету жағын қарастырамыз.

Бұдан кейін сарапшылар тобы мұрағаттағы өзекті мәселелерді дөңгелек үстел басында сөз етті.

Берик Касен.