Есет Есенғараев – “Нұр Отан” партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары.
-“Қоғамның басты құндылықтары – бейбітшілік, тұрақтылық, мемлекет дамуы, отандастрарымыздың денсаулығы. Нұротандықтардың басты міндеті – осы құндылықтарды сақтап, халықтың әл-ауқатын жақсарту.
Бұл семинар-тренингке “Нұр Отан” партиясының облыстық, қалалық және аудандық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары мен жетекші мамандары қатысуда. Мұнда партия белсенділерінің халықпен тығыз жұмыс жасауы, олардың біліктіліктерін одан әрі жетілдіру жайы сөз болды. Қазіргі таңда партияның жұмысында заман талабына сай жаңа технологиялар пайдаланылып келеді. Мысалға, 2013 жылы нұротандықтар “электрондық құжат жүргізуді” қолға алыпты. Жаңа жүйе жұмыстың біршама оңтайландырған.
2 күндік семинарда саяси партия мектебінің жаттықтырушылары жергілікті жердегі нұротандықтарға халық арасында доктринаны түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізуді тапсырды. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, ортақ игілікке қол жеткізу үшін партия белсенділері тиісті жұмыстарды абыроймен атқаратындықтарын жеткізді.
Бақыт Сәдуақасов.