Денсаулық сақтау

Өңір дәрігерлері мен эпидемиологтар оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырды

Соңғылары суыт хабарды ести салысымен, ауру ошағы орын алған жерге лезде жетіп, жұқпалы аурудың басқа пациентерге таралып кетпеуі үшін тиісті шараларды қолға алды. Алдымен, науқас жүрген бөлмелер «0,5 пайыздық концентратты АКМАДЕС +» химиялық дәрісімен өңделді. Себебі аталмыш вирус сыртқы ортада өте жылдам таралады. Ал дәрігерлер науқас бойжеткенге тиісті көмектерін көрсеткен соң, оны жедел жәрдем көлігі жұқпалы ауруларды емдеу мекемесіне алып кетті.

Александр Мельниченко, СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаменті эпидемиологиялық бақылау бөлімінің жетекшісі.

– “Тырысқақ – бұл өте қауіпті инфекцияның бірі. Оны тұрғындар ластанған су қоймаларына шомылғанда не таза емес тіршілік көзін тұтынғанда жұқтырып алуы мүмкін. Жумай жеген көкөністерден де қауіп бар. Екі адам қол алысқанда, лас заттарды ұстағанда дерттің жұғу қаупі ұлғаяды”.

Сондай-ақ жұқпалы ауруды шетелдіктер де алып келуі мүмкін. Бірақ мұндай жағдай біздің өңірде соңғы 35 жыл көлемінде тіркелмеген екен.

Әлия Ташетова, №3 қалалық емхананың бас дәрігері.

 

-“Біз бұл оқу-жаттығу жиындарын жыл сайын өткізіп тұрамыз. Шараның басты мақсаты – өңірімізде қауіпті деген ауру ошақтарын болдырмау. Ол орын алған жағдайда ауру қоздырғыштарын жылдам залалсыздандыру. Тырысқақ әсіресе жаз айында белең алуы ықтимал. Сол кезде қауіпті вирусты жұқтырған адам құсып, бас ауырады, іш өту белгілері байқалады”.

Жаттығулар аяқталған соң дәрігерлер мен эпидимиолог мамандар жедел шара кезінде жіберген қателіктерін саралады.

Берик Касен.