Денсаулық сақтау

Жасөспірімдер арасында суицид пен нашқорлықтың алдын-алу

Наталья Досанова, облыстық наркологиялық орталықтың учаскелік дәрігері.

-14 жасөспірім есірткіге тәуелді. Бұл дертпен ауыратындардың саны соңғы уақытта азаюда. Бұған алдын-алу шаралары септесіп келеді деген ойдамыз. Біз үнемі мектептерге барып, дәрістер оқып, бейнематериалдар көрсетеміз. Мұндай жұмыстар әрдайым жүргізіледі.

Жасаөспірімдер көп уақытын мектепте өткізеді. Сондықтан, жеткіншектер жаман жолға түспеуі үшін олармен педагогтар барынша әңгімелесіп, жұмыс жасауы керек дейді дәрігерлер.

Лариса Гальчукова, №26 мектеп-балабақшасының әлеуметтік педагогы.

– Мұндай жиындардың бізге берері мол. Бас қосуда жасөспірімдермен жұмыс істеудің тәсілдерін білеміз. Және дәрігерлер, өзге әлеуметтік қызметкерлермен етене араласамыз. Біздің мектепте абырой болғанда суицидке бой алдырғандар, есірткіге тәуелді жасөспірімдер жоқ.

Соңғы 4 жылда жасөспірімдер арасында өз өзіне қол жұмсаушылық та азайған екен.

Юлия Шадрина-Гордиенко, облыстық психоневрологиялық диспансердің психологы.

-Өз өзіне қол жұмсаушылардың саны 2011 жылдан бері азайып келеді. Дегенмен, бұл мәселені назардан тыс қалдыруға болмайды, суицид-қоғамда өзекті проблема санатынан түскен жоқ. Сондықтан, бірінші кезекте, ата-аналар балаларына ерекше көңіл бөлулері қажет.

Бүгінгі жиын 26 маусым халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылды.

Ахметова Бану.