МТРА жаңалықтары

“Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” жұмысы жоғары бағаланды

Балахмет Мөлдинов – “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” СҚОФ директоры.

-Қазір 14 мыңға тарта солтүстікқазақстандық аталған банктің салымшысы атанды.

Жуырда Алматы қаласында Қазақстандағы тұрғын үй-құрылыс жинақтау жүйесін жетілдіру мақсатында дөңгелек үстел өткен. Отырысқа шетелдік жинақтау саласының білікті мамандары да қатысыпты. Меймандар “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” 10 жылда жеткен жетістіктерін саралап, өз бағаларын берген.

Балахмет Мөлдинов – “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” СҚОФ директоры.

-Шетелдіктер “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінне” оң бағасын берді.

Үстіміздегі жылдың сәуірінен Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Еуропалық құрылыс жинақ кассалары ассоциациясының құрамына кірген. Заман ағымынан қалыспаған банк жұмысына жаңашылдықтар енгізілуде. Бұрындары тұрғын үй заемын алуға бір аптадай уақыт жұмсалса, қазір халыққа қызмет көрсету орталығында қажетті құжаттарды 3 жұмыс күнінде рәсімдеуге болады.

Балахмет Мөлдинов – “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” СҚОФ директоры.

-Облыста 2003 жылдан бері аталған банктің қызметіне жүгінген 1939 жерлесіміз баспана иесі атанған.

Банк салымшысының әрбірі баспана иесі атана алады. Ол үшін белгілікті уақыт аралығында пәтер құнының жартысын жинау қажет. Қалған соманы тұрғын үй құрылыс жинақ банкі төмен пайыздық мөлшерлемемен несиеге береді. Айту керек, биыл қаржы институтының салымшылары “Қолжетімді баспана 2020” бағдарламасы бойынша қалада салынған 2 көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлерге қол жеткізе алады. Жалпы облыста 2003 жылдан бері аталған банктің қызметіне жүгінген 1939 жерлесіміз баспана иесі атанған.

Бақыт Сәдуақасов.