Спорт

Александр Винокуров жүлдесі үшін республикалық сайыстың топтық кезеңі өтті

Мәреге жеткен спортшыларды Қызылжар ауданының әкімі Еркебұлан Каменов құттықтап, оларға алдағы сайыстарда сәттілік тіледі.

Еркебұлан Каменов – Қызылжар ауданының әкімі.

-Біз, жерлесіміз, Лондондағы 30-шы жазғы олимпиада ойындарының жеңімпазы Александр Винокуровты мықты велошабандоз ретінде танимыз. Ол Бескөл ауылының тумасы, сондықтан да спортшының жеткен жетістіктерін барша қазақстандық мақтан тұтады. Оның спорттағы жетістіктері өсіп келе жатқан жас спортшылар үшін үлгі. Александр Винокуровтың толағай табыстарына қарап, велошабандоздар бой түзейтін болады.

Топтық жарыстың нәтижесі бойынша, 3 орынға Жамбыл облысының спортшылары тұрақтады, мәре сызығын екінші болып Павлодар құрамасының намысын қорғаған Никита Соколов кесті. Ал бірінші орын елордалықтардың қанжығасына байланды. Мәре сызығына қарсыластарынан оза шыққан жас велошабандоз Тимур Қуат бірінші жеткен болатын. Жүлдегерлер ақшалай сыйақымен марапатталды.

Тимур Қуат – велошабандоздан спорт шеберлігіне үміткер, Астана қаласы.

-Мен велоспортпен 4 жыл қатарынан үзбей айналысып келемін. Осы аралықта жеткен табыстарым баршылық. Жақында елімізде өтетін велоспорт жарысында бағымды сынаймын.

Көпкүндік веложарыс маусымның 28-не дейін жалғасады.

Бакыт Садуакасов.