МТРА жаңалықтары

СҚО соңғы 5 айдың ішінде 439 өрт оқиғасы тіркелді

Евгений Журавлев- СҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы

-Жыл басынан бері облысымызда 439 өрт оқиғасы тіркелді. Тілсіз жау 28 адамның өмірін жалмады. Оның 4-уі бала. 23-і түрлі дене жарақаттарын алды. Жалпы материалдық шығын 67 млн. теңгеден асып жығылады. Осы мәліметке қарап тұрғындардың әлі де өрт қауіпсіздік ережесін сақтамайтындығын көріп отырмыз.

Сондай-ақ үйдегі сымдардың қысқа тұйықталуы мен тұрмыстық-техникалық құралдарды дұрыс пайдаланбау да өрттің шығуына себеп болып жатады.

Евгений Журавлев- СҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы

-Өртердтің дені Мамлют, Айыртау, Тайынша аудандарында орын алған. Мәселен, Шал ақын ауданындағы Ақанбарақ селосында сымның қысқа тұйықталуынан бір үйдің маңындағы қора-қопсы толығымен жанып кетті. Шатырлары бірбіріне жалғанғандықтан, үйдің ас бөлмесі, монша, қора мен гаражы бір сәтте күйіп кетті.

Бұған қоса ТЖД-нің мамандары күннің күрт ысуына байланысты, ормандардағы өрт оқиғаларының жиілеуіне алаңдаулы. Маусымның 21-інде Мамлют ауданында қызыл жалын 1,5 га-дағы ағаштардың төменгі жағын шарпын өткен.

 

Берик Касен.