МТРА жаңалықтары

“Үлгілі аула” акциясы жалғасуда

Галина Береза, Абай көшесі, 63 мекен-жайының тұрғыны

– Осы үйде көптен тұрамыз, жылы күндері аулаға шығып тынығамыз. Сондықтан өткен жылы мына ауланы неге қалыпқа келтірмеске деп ойладым. Сөйтіп, менің идеямды бәрі қолдады. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ауланы қалыпқа келтірдік. Маған көмектескен жандарға алғысымды айтамын.

 

“Жұмақ бұрышы” алыстан көз тартады. Сондықтан, маңайдан өткендер ауланы қызықтамай кетпейді.

Айта кету керек, Петропавлда 14 мамырдан “үлгілі аула” акциясы басталған болатын. Абай көшесі, 63 мекен-жайындағы үй тұрғындарының бұл шарада бақтарын сынап, жеңімпаз атануларына мүмкіндіктері бар.

Ахметова Бану.