Білім

Орыс тілінің мұғалімдері халықаралық форумда шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасты

Юлия Плескацевич, СҚО ЛОРД дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-лицейінің мұғалімі

-Форумда орыс тілінің сақталуы мен дамуы жайында айтылды. Сонымен қатар орыс тілі ТМД елдерін біріктіретін және бір арнаға ұйыстыратын фактор ретінде де қаралды. Жиын онлайн режимінде өтті. Оған сондай-ақ АҚШ, Үндістан, Ұлыбритания және тағы да басқа елдер қосылды.

Жалпы форумға 45 елдің өкілдері қатысады деп күтілген, алайда оған 17 елден мыңға жуық адам келіпті.

Юлия Плескацевич, СҚО ЛОРД дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-лицейінің мұғалімі

-Қазақстандық делегация атынан Лев Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің профессоры сөз сөйледі. Ол жиынға қатысушыларға Қазақ елінде орыс тілінің жақсы сақталғандығын және оның одан әрі дамуына мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілетінін қадап айтты.

Сондай-ақ Қазақстандық делегаттар елімізде елбасы бастамасымен Үштұғырлы тіл саясатының да сәтті жүзеге асып жатқандығы жайында айтқан. Бұл шетелдіктердің үлкен қызығушылығын тудырса керек. Біздің елдің азаматтары орыс, ағылшын тілдерін бастауыш сыныптан бастап меңгеретіндігіне кейбіреуі таңданыспен қараған.

 

Берик Касен.