МТРА жаңалықтары

Ерекше суреттер көрмесі

Екатерина Литвинова – көрменің әкімгері
– Бұл көрмеде 3d форматындағы 15 сурет қойылған. Ерекше туындылардың авторлары – ресейлік суретшілер. Бірі – Барнауыл, екіншісі Новосібір қаласының өнер иелері. Шеберлердің қолынан шыққан картиналар шетелдік көрмелерде де жайғастырылған.

3d суреттерге мультфильм кейіпкерлері мен жан-жануарлар арқау болған. Ерекше форматтағы өнер туындыларына балалар да ересектер де қызығушылық танытуда.

Алексей Березин – көрмені тамашалаушы
– Мен 3d форматтағы суреттер көрмесіне алғаш келіп тұрмын. Картиналар қызықты етіп салынған. Сондықтан өзіміз осы туындаларды толықтырып, суретке түсіп үлгердік.

Бірегей форматтағы картиналар көрмесін солтүстікқазақстандықтар маусымның 20-нан шілденің 20-сына дейін тамашалай алады.

Бақыт Сәдуақасов.