Спорт

Александр Винокуров жүлдесі үшін веложарыс басталды

Амангелді Әділов – велошабандоз, РФ, Омбы қаласы.

– Омбы қаласында өтіп тұратын веложарысты қалт жіберген емеспін. Биыл алғаш рет Қазақстандағы веложарысқа келіп отырмын. Қазір дайындық үстіндеміз. Жол жаман емес. Жекелей сында жақсы нәтиже көрсеттім.

Велоспорт жарысына қатысушылардың енді бірі, талдықорғандық Олжас Баянбаев. Велоспорт мектебінің тәрбиеленушісі ел көлемінде өткен сайыстарда жүлдегер атанған. Арманы – әлемге әйгілі велоспортшы атану.

Жарыстың екінші күні велошабандоздар дайындықтарын пысықтап, жекелей сында жарыс жолына түсуде. Жоғары нәтиже көрсеткендері топтық жарысқа жолдама алады.

Владимир Парахин – жарыстың бас төрешісі.

– Көпкүндік велошабандоз сайысында 93 үміткер жарысқа түседі. Әр команда құрамында – 6 адамнан. Жарысқа түскен жеткіншектердің жасы 15-16 жас аралығында. 6 күндік сайыста велошабандоздар жекелей және топтық жарыста өнер көрсетпек.

Жеңіс тұғырынан көрінген велошабандоздар тұрмыстық техникамен марапатталамақ.

 

Бакыт Садуакасов.