Құқық қорғау органдары

Өңір полицейлері кәсіби мерекелерін атап өтті

Ақан Қажкенов, СҚО IIД бастығы.
– Бүгін сіздер ішкі істер органдарының қатарына қосылып отырсыздар. Қызметтеріңізді абыроймен атқарып, өзгелерге үлгі болуларыңызға тілектеспін. Азаматтардың құқығын қорғауға бар күштеріңізді салыңыздар.

 

Биыл облыстық ішкі істер департаментіне жас криминалистер, тергеушілер, ювеналдық полицейлер мен учаскелік инспекторлар, барлығы 20 адам қабылданып отыр. Енді оларға елдегі ішкі тәртіпті сақтау міндеті жүктелмек. Өз қызметеріне ресми түрде кіріскендердің бірі – Қанат Балтабаев. Жол-патрульдік полиция қызметкерінің қуанышына ортақтасуға туысқандары келіпті.

Сондай-ақ бұл күні өз міндетін абыроймен орындап, көзге түскен 40-тан астам қызметкердің кеудесіне ІІМ-нің “Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” төс белгісі тағылды. 2-уіне мерзімінен бұрын полковник, подполковник атағы берілді. Бірқатар жас тергеушілер, жедел уәкіл, әкімшілік полиция өкілдері офицер атанды.
Оған қоса мереке қарсаңында антына адал, сертіне берік полицейдің екеуін өңір жетекшісінің атынан Владимир Бубенко алғыс хатымен марапаттады.

Мерекелік шараның ресми бөлігі салтанатты маршқа жалғасты. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары “Көңілді старт” деп аталатын жанұялық сайыстарға қатысты. Мерекелік бағдарлама Петропавл қаласының шығармашылық ұжымдары әзірлеген концертпен аяқталды.

Берик Касен.