МТРА жаңалықтары

Тимур Құлыбаев теріскейлік кәсіпкерлермен кездесті

Тимур Құлыбаев – ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасы призидиумының төрағасы.

 

-Елбасының тапсырмасына сәйкес өз жұмысын бастаған аталмыш ұйымның мақсаты – кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп, отандық шағын-және орта бизнес саласының дамуына жағдай жасау. Бұл ретте өткен жылы аталған салаға 1 триллион теңге қаражат бөлінсе, биыл ол сома тағы 500 миллион теңгеге толықты. Ал ұлттық кәсіпкерлер палатасының міндеті – қомақты ақшаның бизнес жоспарын ұсынған әр кәсіпкерге уақтылы және тиісті деңгейде қолдарына тиуін қамтамасыз ету болып табылады.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласы еліміз егемендік алғаннан бері жұмыс жасап келеді. Алайда даму екпіні әлі сылбыр. Себебі оған құзырлы органдар тарапынан қойылар тосқауыл көп. Осыны атап көрсеткен ұлт көшбасшысы аталмыш салаға жүргізілетін есепсіз тексерістерге мараторий жариялаған болатын. Бірақ өткен жылдың өзінде еліміз бойынша осыған қатысты 600 факті тіркеліпті.

Абылай Мырзахметов – ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы.

-Бүгінде шағын жәнің орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған 20-дан астам бағдарлама құрылды. Оның дені “бизнестің жол картасы 2020” бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Бірақ одан елді-мекен халқы әлі де болса кенжелеп отыр. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажет.

Шағын және орта кәсіпкерліктің өңіріміздегі жағдайы қандай? Ол туралы елордалық меймандарды облыстық ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Нелли Кукушкина құлағдар етті.

Өз кезегінде сөз алған жергілікті кәсіпкерлер елордалық меймандарға бизнес саласына қатысты көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, оған нақты жауаптар алды. Ортаға тасталған мәселелердің дені – түрлі құжат әзірлеудегі қағазбастылыққа қатысты. Тимур Құлыбаев бұл жәйттардың барлығы таяуда өтетін кәсіпкерлердің бірінші съезінде назарға алынатындығын атап көрсетті. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі шағын және орта бизнесті дамытуда мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектің ешқайсысынан солтүстікқазақстандықтар шет қалмайтындығын тілге тиек етті. Бұл тұрғыда жергілікті билік басындағылардан өз ісін ашамын дегендерге қоллдау көрсетілмесе, тосқауыл болмасы анық.

Самат Шаймерденов.