МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қызметшілер күнінде өз ісінің үздіктері марапатталды

 

Ең алдымен залға жиналған облыстық және аудандық әкімдік қызметкерлерін, басқармалар мен департамент мамандарын өңір жетекшісі Ерік Сұлтановтың атынан облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров құттықтады.

Бұдан соң, мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға зор үлес қосқандар СҚО әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды. Бұндай құрметке 4 мемлекеттік қызметші ие болды.

Тағы 6 мемлекеттік қызметші өңір басшысының алғыс хаттарына ие болды. Бұдан кейін, адал еңбегімен ерекшеленген бірқатар жерлесіміз ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығына сай “үздік мемлекеттік қызметші” ведмостволық наградасын алды. Мұндай құрметке 2 солтүстікқазақстандық ие болды. Солардың бірі – Айдархан Қабдолин. Шал ақын ауданының Приишим селолық округі әкімінің мемлекеттік қызметте жүргеніне 20 жылдан асыпты.

Бұл күні мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған жас мамандар салтанатты түрде ант берді.

Бүгін Нұрсұлу Шәймерденованың да еңбегі еленді. Ол ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының алғыс хатына ие болды.

Салтанатты марапаттау соңы концертке ұласты.

Бану Ахметова.