Туризм

Айыртау ауданындағы туристік маусымның ашылды

 

Бұл мекен 1993 жылы қайта салынып, қалпына келтірілген. Негізі мұндағы ғимараттың кірпіші 1924 жылы Александр бірінші бөлген 5 мың рубль қаланыпты.

Уәлихан Құлбаев, Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайының директоры, Айыртау ауданы.

-Кенесары көтерілісінде қарындасы Бопа келіп, бірінші рет күйдіріп кеткен. Екінші рет 30 жылдары коммунистер келгенде бұл жерді түбімен құртып жіберді. 80 жылдары Санкт-Петербургтан археологтар келіп, қазба жұмыстарын өткізді. 5 үйдің фундаментін тауып алған.

Марат Иғалиев “Қарасай мен Ағынтай” батырлардың мемориалдық кешенінде болды. Батырлар жерленген бұл мекенге жыл сайын мыңнан аса туристер келеді екен.

Айыртау ауданындағы туристік маусымның ашылуына орай, “Акбар” демалыс базасында шыныдан жасалған қонақ үй қолданысқа берілді. Бұл нысан 30 орынға шақталыпты.

Марат Иғалиев: ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы.

-Аударма СҚО-сының Айыртау ауданы – туризмі дамып келетін өлкелердің біріне айналып келеді. Бұл аудан ҚР-ның 2020 жылға дейінгі туристік саласын дамыту тұжырымдамасына кіріп отыр. Бұл жердің әсем табиғатына куә болдым, сондықтан, демалыс орнының болашағы зор боларына сенімдімін.

Имантау көлінің маңайындағы бұл демалыс орны 2003 жылы қалпына келтіріліпті. Бүгінде мұнда күнделікті 150 адам дем ала алады. Тамағымен қоса алғанда, бір тәуліктік демалыс құны 2500 теңгеге айналады.

“Солнечный ВИП” – Имантау көлінің маңайындағы тағы бір демалыс базасы. Мұнда осы күні пантымен емдеу орны ашылды. Шағын үй түрінде тұрғызылған сауығу орнында 45 адам сырқатынан айыға алады. Биыл демалыс орнына 10-20 марал әкелу жоспарланған.

Дмитрий Поморцев -“Астанатрансстрой” ЖШС бас директорының орынбасары.

– Біз Айыртау ауданында жұмыс істеу үшін 6 жыл бұрын келдік. Өйткені бұл жердің табиғаты әсем. Имантау көлі де таза. Яғни, туризмді дамытуға барлық жағдай бар. Осыған дейін біз 20 үй салдық. Алдағы уақытта тағы осыншасын салу жоспарланған. Бүгінгі таңда инвестиция 300 млн теңгені құрады. Көбіне Ресейлік туристер келіп демалуда.

Бұдан соң, Айыртау ауданында туристік маусымның салтанатты ашылуы өтті. Оған қатысушыларды өңір жетекшісі Ерік Сұлтановтың атынан облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов құттықтады.

Салтанатты шараға қатысушылар Қызылжар, Айтыртау, Шалақын аудандарының шеберлері жасаған көрмені тамашалады.
Кейін, теріскейде турзимді дамыту мәселесі қаралған жиын өтті. Айыртау ауданында аталған саланы дамытуға мүмкіндіктер молынан. Мұнда 31 демалыс нысаны бар. Оның 24-і Шалқар, қалған 7-еуі Имантау көліннің жағалауында.

Жиында Астанада өтетін “Экспо 2017” көрмесі де сөз болды. Оған әлемнің түрлі елдерінен 300 мың адам келмек. Марат Иғалиев шетелдік қонақтарды осы демалыс орнына да тарту үшін жағдай жасау қажеттігін айтты.

Әрине туризмді дамытуда жол мәселесі көп іске қолбайлау болуда. Туристерге сапалы қызмет көрсету мәселесін де шешу керек. Сонымен қатар, туристердің қызығушылығын тудыратын түрлі бағдарламалар әзірлеу қажет.

Рашида Шайкенова, Қазақстан туристік ассоциациясының директоры.

– Облыстың экологиясы таза. Ал экологиялық қауіпсіздік бүгінгі таңда барлық әлемде трендке айналған. Бұл базалар жыл 12 ай жұмыс істеуі үшін қысқы туризмді дамыту жағын қарасытыру керек. Экскурссиялық бағдарламалар, кадрларды даярлап, оқыту жағында ұмытпау қажет. Өйткені, бүгінде барлығы сапалы қызметті талап етеді.

Айту керек Ауыртау өңіріне жыл сайын 20 мың турист келеді екен. Сондықтан олардың қызығушылығын арттыру үшін туристік фестивальдер ұйымдастыру керектігі де айтылды. Бұл өзге шетелдік туристердің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз дейді жиынға қатысушылар.

Бану Ахметова.