Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшыларының қатары толықты

 

Биыл облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ұжымы 18 адамға толығып отыр. Енді оларға стратегиялық аса маңызды мемлекеттік нысандардың қауіпсіздігін сақтау міндеті жүктелмек. Өз қызметтеріне ресми түрде кіріскендердің бірі – Алтынбек Махметов. Сондай-ақ бұл күні өз міндетін абыроймен орындап ерекше көзге түскен 8 қызметкердің кеудесіне үздік қызметі үшін 1-ші, 2-ші,3-ші деңгейлі төс белгілер тағылды. Еңбегі бағаланғандардың қатарында мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілі Бекжан Баяхметов те бар. Оңай емес жауапты қызметте жүргеніне 15 жыл болыпты. Бекжанның қуанышына ортақтасуға зайыбы Жанар мен екі ұлы Бахтияр мен Мирас келіпті.

Оған қоса мереке қарсаңында антына адал, сертіне берік полицейдің үшеуінің шені мерзімінен бұрын бір саты жоғарылады.

Берік Қасен