Құқық қорғау органдары

Қала көшелерінде жол белгілерін орнатуда кемшіліктер жетерлік

 

 

Жыл басынан әкімшілік полиция өкілдері қала көшелері бойындағы жол жүру ережелерінің дұрыс-бұрыстығын анықтауға бағытталған 76 тексеріс жұмыстарын жүргізген. Кемшіліктердің көбі жаяу жүргіншілер өтетін жердегі жол белгілерінің дұрыс қойылмауында. Көп жерлердегі күре жол үсіне тиісті жолақтар салынбаған, салынғандары талапқа сай емес.

 

Евгений Гокин, СҚО ІІД ӘПБ бөлім инспекторы:

-Біздерге көше бойындағы жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілерінің дұрыс қойылмағандықтары жайлы арыз-шағымдар көптеп түседі. Бұл жолы сол олқылықтарды анықтау тұрғысында қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімі мамандарымен арнайы рейд ұйымдастырып отырмыз. Оның барысында жол белгілеріне қатысты анықталған қателіктерді есепке алып, оны талаптарға сай ету тұрғысында жауапты мекемелерге арнайы хат жолдайтын боламыз.

 

Қаладағы сауда орындары мен ойын-сауық орталықтары маңында мына секілді қойылған жол белгілері аз емес. Полицейлер жол шетіне көлік аялдатуға шектеу жасайтын белгілер мен тақтайшаларды құзырлы органдардың рұқсатынсыз орнату, заңға қайшы әрекет болып табылады дейді. Сондықтан тәртіп сақшылары қазір мұндай келеңсіздіктерді жою мақсатында өз жұмыстарын жандандыруды қолға алған. Заңды елемегендердің әрекеттері ескерусіз қалмайды.

 

Самат Есмағи