Мәдениет

Кезекті театр маусымы аяқталды

 

 

Биылғы жылы қуыршақ театры өңіріміздің 30 мыңнан астам балғынын өздерінің зор мағыналы, қызықты да танымды қойылымдарымен қуантқан. Өнер ұжымы қайырымдылық шараларын да ұмытпайтын көрінеді. Жалпы мұндағылар үшін 24-ші маусым табысты болған.

 

Ерболат Әбішев, облыстық қуыршақ театрының директоры:

– 4 жаңа қойылым қойдық. Бұдан өзге түрлі фестивальдерге қатыстық. Казань қаласында екі рет, Алматыда, Ақтөбеде, Астанадағы шараларға қатыстық. 25-ші маусымда одан да кеңейту жоспарда бар. Қазақ тіліне 3 спектальді аудардық. Келешекте олардың да санын арттырамыз.

 

24-ші маусымда театр жас мамандармен де толығыпты. Солардың арасында Нұрсұлтан Қалқабек те бар. Жас әртіс кішкене балалардың көңілін табу асқан шеберлікті қажет етеді дейді.

 

Нұрсұлтан Қалқабек, облыстық қуыршақ театрының әртісі:

– Бала деген бала ғой, олардың көңілдерін табу керек. Зейінін өзіңе қарата білу керексің. Ол үшін жұмыс істеу керек. Жұмысты әрі қарай да жалғастыра береміз.

 

Ал бүгін сахналанып жатқан «Тақуа мен раушан гүл» қойылымы достық, махаббат және адалдық жайлы ертегі. Шаян өзіне дос таба алмай, қайғырып жүреді. Теңізде өмір сүретін жануарлардың бірде бірі онымен тіл табыса алмайды. Қойылым соңында раушан гүлімен достасқан ол, жақын жанның болғаны қандай жақсы, әрі көңілді екенін түсінеді. 1 сағатқа жуық сахналаған қойылым кішкене балғындарды көңілінен шықты.

 

– Маған өте ұнады. Әсіресе басты рөлді сомдаған шаян мен раушан гүлі сондай әдемі болды.

– Маған теңіз әлемінде өмір сүретін жануарлар ұнады. Олар өте қызықты екен.

 

Шара соңында театрдың 11 әртісіне Қазақстан театрлары одағының куәліктері табыс етілді.

 

Мағжан Ахмадина