Қоғам

Елімізде зейнетақы активтерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару науқаны аяқталды

 

 

Бұрындары қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары тарыдай шашылған түрлі қорларда сақталып келген болатын. Ал өткен жылдың шілде айында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылып, барлық активтер соның қарамағына өтті. Оларға инвестициялық басқаруды Ұлттық банк жүргізеді. Қазір салымдар жайлы ақпаратты бір-ақ жерден алу мүмкіндігі туып отыр. Николай Жульдиков зейнетақы мөлшері жайлы білуге аталмыш мекемеге алғаш рет келіп отыр. Барлық ақпаратты бір-ақ жерден алу өте ыңғайлы дейді ол.

 

Николай Жульдиков:

-Осындай бірыңғай жүйенің пайда болғаны өте жақсы. Бұрын мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорынан ақпарат алып отыратынмын. Мында алғаш рет келіп тұрмын. Қызмет көрсету сапасы көңілімнен шығады. Жалпы өте ыңғайлы.

 

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ СҚОФ күніне 200-ден астам адам келеді. Жалпы салымшылар өзге де ақпараттарды электронды түрде де ала алады.

 

Данияр Маекенов, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ СҚОФ сервис орталығының меңгерушісі:

-Біріншіден, салымшылар БЖЗҚ-на өзі келіп өтініш білдіру арқылы.Екіншіден, интернет-желі арқылы. Үшіншіден, электрондық пошта арқылы ақпараттандырылса, төртіншіден, халыққа қызмет көрсету орталықтарына өзі келіп өтініш білдірсе.

 

Жалпы зейнетақылық жүйені жетілдіру үшін құрылған бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының салымшылар саны  9,7 млн құрайды. Ал қазіргі күні қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының сомасы 3,9 трлн теңгеден асады.

 

Мағжан Ахмадина