Аталған кәсіпорындардың қызметі жолаушы тасымалдауды ұйымдастыру, ағаш кесу және сүргілеу, пластик құбырлары, қоқыс пакет шығару өндірістері, киім кептіргіш, жүгері таяқшалары, полиэтилен және болат құбырларын даярлауға қатысты. Кеңес мүшелерінің қолдауына ие болған жобалар бойынша несиелердің пайыздық ставкаларын арзандатуға мемлекет қазынасынан 250 млн теңге қаржы берілмек. Осының арқасында аталған өндіріс ошақтарында 22 жаңа жұмыс орнын ашылады деп күтілуде.
Бақыт Сәдуақасов