Әр түрлі

“Нұр Отанның” жаңа билеттері

 

 

Осы айда бұл жаңа үлгідегі партиялық билет “Нұр Отан” партиясына мүшелікке кіргендерге алғаш рет тапсырылып отырған жоқ. Осы күнге дейін мұндай билетке мыңнан аса солтүстікқазақстандық ие болған. Бұл құжат бүгін тағы 24 адамға берілді. Олардың барлығы облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері.

Санитар мамандарға партиялық билетпен қатар кітапша түріндегі «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты доктринасының мәтіні де тапсырылды. Алдағы уақытта департаменттің тағы 10 қызметкері нұротандықтардың қатарын толықтырмақ. Айта кетсек, бұл мекемеде бүгінде 60-тан астам адам еңбек етеді. Оның жартысынан көбі  билік партиясына мүшелікке кірген.

 

Юрий Пузиков, СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

– Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бақылау біздің басты міндетіміз. Үстіміздегі жылдың 5 айында атқарылған жұмысқа тоқталар болсам, облыста жұқпалы аурулардың жағдайы тұрақты. Өткір ішек дерттеріне шалдыққандардың саны азаюда. Қауіпті саналатын аурулар тіркелген жоқ. Халыққа екпе жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен  500 млн. теңге бөлінді.

 

Алдағы уақытта тағы 4 мыңнан астам петропавлдық жаңа үлгідегі партия билетіне ие болмақ.

 

Бану Ахметова