Құқық қорғау органдары

Қарызын өтемей жүрген борышкерлерді іздестіру акциясы

 

Облыстық көші-қон полициясы басқармасында қазіргі күні 367 іс қарауда жатыр. Олардың дені – алимент және қарызы бар борышкерлерге қатысты. Сондықтан да жауапкершіліктен қашатын азаматтарды анықтау мақсатында полицейлер іздестіру шараларын жүйелі түрде жүргізіп отырады.

Акцияның алғашқы күнінде, тәртіп сақшылары 40 борышкердің уақытша тұрақтаған орнын анықтаған. Ұсталғандар негізінен әкімшілік құқықбұзушылық бойынша айыппұлдарын өтемей жүрген.

Бүгінгі таңда қара тізімге ілігіп, іздеуде жүрген борышкерлердің саны – 310-ға жеткен. Алимент төлеуден жалтарған 57 азаматтың 11-і облыс орталығының тұрғындары. Мысалы, 37 жасар петропавлдықтың екі баласына өтемей жүрген алимент қарызы – 200 мың теңгеден асып жығылыпты.

 

Бақыт Сәдуақасов