Қылмыс

12 жылға бас бостандығынан айырылды

 

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл іске қатысы бар қылмыскердің екеуі де бас бостандықтарынан айырылды.

Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың 17 наурызында Петропавлдағы «Паутина» түнгі клубында жас азаматтардың арасында жанжал шығып, кейін оқ атылған болатын. Нәтижесінде 23 жастағы облыс орталығының тұрғыны Айдос Отарбаев басынан жараланып, оқиға орнында көз жұмды. Тергеу барысында жапа шегушінің өліміне Игорь Сахаров пен Дмитрий Сосниннің қатысты бар екені анықталған.

Сөйтіп, күдікті Игорь Сахаровтың қылмысы толық дәлелденіп, ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал, Димитрий Соснин 4 жылға темір торға тоғытылды.

 

Бану Ахметова