Спорт

“Қызылжар СК” өз алаңында жеңіске жетті

 

Алғашқы минуттардан бастап, жерлестеріміз астаналықтардың қақпасын шабуылдаумен болды. Есепті ашуға тырысқан «Қызылжар СК» құрамасы өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Бұрыштан әуелетіп келген допты Бақытжан Ибрагимов нысанаға дәл тигізді. Осылайша, бірінші тайм 1-де 0 есебімен қызылжарлықтардың пайдасына шешілді. Ойынның екінші бөлімі басталысымен, жергілікті аяқдоп шеберлері шабуылдарын үдете түсті. Бұл жолы да Эдуард Глазуновтың тәрбиеленушілерінің еңбегі зая кетпеді. Айы оңынан туған Бақытжан Ибрагимов екінші голды соғып, есепті еселей түсті. Сөйтіп солтүстікқазақстандықтарға жеңіс сыйлады. Ал «Қарасай» стадионындағы кезекті ойын маусымның 29-ы күні өтпек. Онда жергілікті құрама оңтүстікқазақстандық «Мақтарал» командасымен кездеседі.

 

Мағжан Ахмадина