Балалар

Біз лагерьге барамыз

 

 

Балаларын лагерьге шығарып салуға ата-аналардан бөлек жеткіншектердің ата-әжелері де келіпті. Барлығы ұл-қыздарын не бары 10 күндік демалысқа жіберіп жатса да қобалжулы. Алдын ала бұзықтық жасамаңдар деп кеңес беріп жатыр. Кейбіреуі демалыс орнына алғаш рет жол тартса, енді бірі бірнеше мәрте барып келген. Апалы-сіңлілі Ботагөз бен Жұлдыз мәдениет және демалыс саябағына туысқандарымен келіпті.

Ботагөз бен Жұлдыздың анасы 2-ші топтағы мүгедек. Сондықтан бүлдіршіндер лагерьде тегін демалуға мүмкіндік алды.

Биыл “Достық” және “Березка “сауықтыру лагерьлері 7-14 жас аралығындағы 2000-нан аса демалушыны қабылдауға толығымен дайын. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, мекемеге қажетті жабдықтармен жарақталған.

 

Бейнегүл Оралбаева, “Достық” сауықтыру лагерінің жетекшісі:

-«Достық» лагерінде арнайы даярлық курстарынан өткен 20-ға жуық педагог жұмыс істейді. Біз балалардың демалысын есте қаларлықтай өткізуге бар күшімізді саламыз. Ол үшін қонаққа өнерпаздарды, құтқарушылар мен тағы да басқа саланың мамандарын шақырамыз. Сондай-ақ балаларға түрлі тақырыпта экскурсиялар өтеді.

 

Жалпы биыл өңіріміздегі лагерьлерде 15 мыңға жуық бала тынығады деп күтілуде.

 

Берік Қасен