Құқық қорғау органдары

Ювеналдық полицейлердің кәсіби мерекесі

 

 

Елімізде 2011 жылдан бері дәстүрлі түрде ювеналдық полицейлердің кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Бүгінгі салтанатты шарада ІІБ-ның басшысы Қанат Айтбаев өз әріптестерін құттықтап, ең үздік қызметкерлерге алғыс хаттар тарту етті.

Тәртіп сақшыларының басты міндеті – жасөспірімдер арасында орын алатын қылмыстардың санын азайту. Ювеналдық полиция инспекторлары жасөспірімдер теріс жолға түсіп кетпеуі үшін олардың дұрыс тәрбие алуларына да атсалысады.

 

Александр Деров, Петропавл қаласы, ІІБ бастығының орынбасары:

– Қалалық ІІБ-да 56 қызметкер жұмыс атқарса, солардың 41- і нәзік жандылар. Бүгінгі мерекені тойлай отырып біз оларға шексіз алғысымызды білдіреміз.

 

Бұл ауыр мамандық иелерінің арасында қыз-келіншектердің болғаны мақтан тұтарлық.

 

Адема Мендыбаева, қалалық ІІБ -нің ювеналды полиция бөлімінің инспекторы:

-Бұл мен үшін күтпеген жағдай. Менің аты-жөнімді айтқанда қатты толқыдым. Петропавл қаласының Ішкі істер басқармасына айтар алғысым шексіз.

 

Мереке соңында әйел сақшыларға жол-патрульдық полицейлер гүл шоқтарын тарту етті.