Өңіріміз жыл сайын 1,5-2 млн тонна бидай, 150 мың тоннаға жуық майлы дақыл өнімдерін 40-тан астам жақын және алыс шетелге экспорттайды. Теріскей жерінде өсірілетін жоғары сапалы астықты облыстың 20-ға жуық ірі кәсіпорны экспортқа шығарады екен. Нарықта жергілікті шаруалардың ұн өнімдері де үлкен сұранысқа ие. Солтүстікқазақстандық 10 бидай өңдеуші кәсіпорын тауарды экспорттап, сонымен қатар, Қазақстанның өзге облыстарын да астықпен қамтамасыз етіп отыр.
Александр Есимшарипов, «Мамлют ұн үгу комбинаты» ЖШС маркетинг бөлімінің басшысы:
-Біздің кәсіпорын 1-ші, 2-ші сұрыпты «Голден греин» маркалы өнімдерді шығарады. Швейцарлық құрылғылардың арқасында өнімдер жоғары сапаға ие. Жыл басынан бері 12 мың тонна ұн өнімдері экспортталды. Жыл соңына дейін тағы 7-8 мың тонна тауар жөнелту көзделуде.
«Казмясопродукт» ЖШС де Ресеймен арадағы қарым- қатынасты дамытуда. Жыл басынан кәсіпорын Омбы, Челябі қалаларына 40 тоннаға жуық ет өнімдерін экспорттапты. Кәсіпорынның сыртқа шығарған тауар көлемі 30 млн. теңгені құраған. Серіктестік алдағы уақытта да екі ел арасындағы алыс-беріс қарым-қатынасты одан әрі дамытуды көздеп отыр. Бұл ретте Еуразиялық экономикалық одақтың берері мол дейді кәсіпкер.
Аркадий Возьнюк, «Казмясопродкут» ЖШС директоры:
– Үстіміздегі жылдың 29 мамырында үш ел арасында Еуразиялық экономикалық одақ құру жөнінде келісімге қол қойылды. Ол біздің кәсіпорынға экспортқа шығу үшін мол мүмкіндік туғызып отыр. Ең алдымен ескі қарым-қатынастарды дамытуды көздеп отырмыз.
Ұн, ет өнімдерінен басқа өңірімізде шығарылатын өзге де азық-түлік тауарлары көршілеріміздің сұранысын туғызуда.
Алтынбек Абдоллаев, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
– «Молпродукт» ЖШС 2013 жылы 7 мың тоннадан астам өнімді экспорттады.
Жалпы Қазақстанда шығарылған азық-түлік өнімдері шетелдерде үлкен сұранысқа ие.
Мағжан Ахмадина