Ауыл шаруашылығы

Мал шаруашылығын дамытуда “Сыбағаның” көмегі мол

 

Бүгінде жеке ісін дөңгелетемін деген азаматтарға Үкімет тарапынан үлкен қолдау бар. Бұл орайда кәсіпкерлерге қаржылай көмек көрсету мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар әзірлеген. Осындай жобалардың бірі -“Сыбаға”. Аталған бағдарлама аясында “Аграрлық несие корпорациясының” облыстық филиалы өткен жылы 26 фермерге 225 млн 342 мың теңгенің несиесін берген. Сөйтіп, бұл қаражатқа, 994 аналық бас ірі қара, 66 бас асыл тұқымды бұқа алынған. Дені, герефорд және қазақтың ақбас сиырлары.

 

Дмитрий Шледевиц, “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ СҚОФ бас маманы:

– Қазіргі уақытта “Сыбаға” мемлекеттік бағдарламасын қарқынды жүзеге асыруға басымдық берілуде. Аталған жоба аясында СҚО бойынша 3 мың 300 басқа қаржы бөлінген. Қазіргі уақытта біздің корпорация шамамен 63 млн теңгенің несиесі берілді.

 

Бұл сома биылға 8 жобаның несиесі. Қаражатқа 252 аналық, 30 бас асыл тұқымды бұқа алыныпты. Асыл тұқымды ірі қара біздің өңір мен Ақмола облысынан әкелінеді екен. Мал шаруашылығын дамытуда “Сыбаға” бағдарламасының көмегіне көбінесе Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев аудандары жүгінетін көрінеді. Ал, Есіл, Аққайың, Жамбыл аудандары мүлдем қызығушылық танытпайды дейді мамандар.

 

Дмитрий Шледевиц, “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ СҚОФ бас маманы:

– Бұл бағытта қазір біз аудан әкімшіліктерімен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Негізі аталған бағдарламаның басты мақсаты малдарды асылдандыру. Соңғы 4 жылда репродукция жүріп жатыр. 3-4 жылдың ішінде олар толығымен асыл тұқымды шаруашылыққа айналады.

 

Мал шаруашылығын дамытуға қатысты мамандардың қарауында тағы 14 жоба жатыр екен.

 

Бану Ахметова