Спорт

Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің спартакадасы

Ойын алаңына алғашқылардың бірі болып – кардиологиялық орталық пен облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері шықты. 1-ші тайм кардиологиялық орталық ойыншыларының пайдасына 2-де 1 есебімен аяқталса, 2 таймда облыстық балалар ауруханасының ақхалаттылары есепті теңестіріп қана қоймай, тағы бір гол соғып үлгерді. Осылайша, 30 минуттық тартыста 3:2 есебімен облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері басымдыққа ие болды.

Ал келесі алаңда балалар үйі мен облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің дәрігерлері қызу ойын көрсетті. Бұл тартыста диспансерлік аяқдоп ойыншылары 6:2 есебімен басымдыққа ие болды. Жалпы дәрігерлер арасындағы спартакиада спорттың 8 түрі бойынша өтуде. Шағын футбол ойыны – шарадағы 5-ші сайыс.

 

Жанат Мұхамедгалеев, Петропавл қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы:

-Шағын футболдан өткізілген турнирге медицина мекемелерінен 80 қызметкер қатысып отыр. Жарысқа атсалысқан әр команданың ойыншылары барынша шеберліктерін көрсетуде. Бұл бұқаралық спортты насихаттауға арналған игі шара.

 

Шағын футболдан соң дәрігерлер өз шеберліктерін тоғызқұмалақ ойынынан сынап көрмек.

 

Бақыт Сәдуақасов