Құқық қорғау органдары

“Жолдағы қабылдау” акциясы

Жүргізушілер жол полициясына ұсыныстары мен шағымдарын осындай акция арқылы білдіре алады. Себебі әкімшілік полиция қызметкерлерінің жұмысы мен автожолдардағы құқықтық тәртіп жағдайы ескерілуі қажет. Жол полициясының қызметкері өзінің ала таяқшасымен бірінші Мәкен Қазымбетовті тоқтатқан еді. Петропавл қаласының тұрғыны теміртұлпарды көп жылдар бойы жүргізеді. Ал “Жолда қабылдау” акциясына алғаш рет қатысайын деп тұр. Шара барысында әкімшілік полиция қызметкерлерінің жүргізушілермен қарым-қатынасы жөнінде сұрақтар қозғалды.

 

Мәкен Қазымбетов, жүргізуші:

-Мені жол полицей маманы тоқтатып, сауалнамаға жауап беруді өтінді. Менің ойымша осындай шаралар жиірек өткізілсе, жол-көлік оқиғалары азаяды.

 

Республикалық “Жолда қабылдау” шарасы екі жыл қатарымен өткізілуде. Оның мақсаты тұрғындарға құқықтық көмек көрсетіп, «Нұр Отан» партиясының халықпен өзара байланысын одан әрі нығайту.

 

Абай Қайсин, СҚО “Нұр Отан” партиясының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі:

-Біз акцияны СҚО-ның барлық аудандарында өткіземіз. Шара барысында жолда жүру ережелері бойынша туындаған сұрақтарға заңгерлік кеңестер береміз.

 

Іс-шара барысында бірқатар мәселелер шешілді.

 

Сағыныш Марқашева