Өнеркәсіп

“Молсервис” тәулігіне 10 тонна сүт өңдейді

Тәулігіне кәсіпорын 10 мың литрге дейін сүт өңдеуге қауқарлы. Нарыққа 20-ға тарта тауар аталымын шығарады. Төл өнімдерінің тең жартысы облыс аумағынан тыс жіберіледі екен. Шаруашылық үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іргесін кеңейтіп, озық үлгідегі қондырғылармен жарақтандырылған. Соны құрылғыларының бірі француз елінің өнертабысы. Заманауи жабдық сағатына 4300 қаптама орайды. Есесіне өнімділік 30 пайызға артқан. Ауыл шаруашылығы вице-министрі кәсіпорын басшысымен әңгіме барысында шешімін күткен мәселелер жайында сұрады. Серіктестіктегілерді негізінен мазалайтыны қыс мезгілінде шикізаттың тапшылығы.

 

Жеңіс Ермұқанов