Білім

“Асыл ана” балаларды мерекемен құттықтады

 

Бұл кездесу Халықаралық балаларды қорғау күніне арналады.”Асыл-Ана” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Теңдік Сәрсекееваның айтуынша, мақсат елжанды, білікті де жігерлі ұрпақ тәрбиелеу.

 

Теңдік Сәрсекеева “Асыл-Ана” ҚБ төрайымы:

-Біз қайырырымдылық жасауды мақсат еттік. Көмек қажет ететін аналарымыз барда игі ісімізді доғармаймыз.

 

Сахна төрінде ұлттық жаңғырту мектеп-кешенінің оқушылары мен “Асыл Ана” қоғамының мүшелері. Олар өмір, туған жер, отан туралы әндерді шырқады. Соңғыларының білім ордасымен әріптестік орнатқанына біршама уақыт болыпты.

 

Қорлан Жайсенбаева, №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің директоры:

-Бұндай шаралар жарымжан аналар мен ондай жанұяда тәрбиеленетін балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аударуға септеседі. Біз көмекке зәру жандарға қол ұшын беруге әрдайым әзірміз.

 

Әуенді де әуезді кеш соңында жеткіншектерді тәтті базарлықтар күтті. Осылайша, “Асыл-ана” ұйымы діттегеніне жетіп, жеткіншектерге шат көңіл сыйлады.