Әр түрлі

Тартылған тауық етінен сальмонеллез бактериясы табылды

Құрамында мұндай бактериясы бар тағамды асқа пайдаланған адам инфекциялық ауруға шалдығады. Мамандардың айтуынша, қоздырғыш гастроэнтереоколит түрінде ас қорыту жолдарына әсер етеді. Яғни, бүлінген етті жеген адамның дене қызуы көтеріліп, жүрегі айнып, іші ауырып, құсуы мүмкін. Осы жағдайда тұтынушы бірден дәрігердің көмегіне жүгінгені абзал. Қаламызда әзірге ауруға шалдығып, ем іздеп аурухана келгендер тіркелмепті. Десе де сақтықта қорлық жоқ. Қауіпті тағам Ресейдің Пенза облысы “Васильевская” құс фабрикасында өндірілгендігі анықталды.

 

Берік Қасен