Спорт

Спорт нысандары көбейеді

 

Былтырдан бері өңір спортшылары бақтарын сынаған шаралар ауқымы біршама кеңейген. Теріскейліктер 60-қа жуық ел чемпионаты мен 50 оқу-жаттығу жиынына қатысқан. Жаттықтырушылар мен спортшылардың біліктілігі де жыл санап артып келеді. Мәселен, өткен жылы 6 жерлесіміз Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 10-ы ҚР спорт шебері, 60-қа жуығы спорт шеберіне үміткер нормативін ойдағыдай орындап шыққан.

 

Руслан Есеналин, СҚО дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы:

-Қазір бізде спорттық инфрақұрылымды дамыту жағы маңызды болып тұр. Себебі, өңірімізде спорттық нысандар көптеп салынса, бұқараны спортқа тарту жайы да оң шешілер еді. Қазіргі таңда 30 мың шаршы метрге жуық аумақ қажет. Қаламызда спорт сарайы салынса, бұл мәселе де шешімін табады.

 

Спорт сарайынан бөлек жуық арада өңірімізде 2 сауықтыру кешенінің құрылысы басталмақ. Оның бірі – Қызылжар, екінішісі Ғ.Мүсірепов ауданында салынады деп жоспарланған. Аталмыш нысандарға жұмсалатын қаржының 70 пайызы ел қазынасынан бөлінсе, қалғаны жергілікті бюджеттен қарастырылыпты.

 

Руслан Есеналин, СҚО дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы:

-Соңғы кезде мүгедектер спортына да көңіл бөліп жатырмыз. Қазір мүмкіндігі шектеулі жандарға өз денсаулығына жіті көңіл бөліп, тұрақты дене тәрбиесімен айналысуына еш кедергі жоқ. Барлық мүмкіндіктер жасалып жатыр. Мәселен, өткен жылы «Қарасай» стадионында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған “Үміт” клубы ашылды. Оған 12 мүшесі сау адамдар да келіп жаттыға алады.

 

Қазіргі таңда “Үміт” клубында 100-ден аса адам жаттығады екен. Оған қоса, осы жерде 3 мүгедекке тұрақты жұмыс табылған. Олар қазір спорттық нысандарда есепші, әдіскер болып еңбек етуде.

 

Берік Қасен