Спорт

Солтүстікқазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында ұлттық құрама сапында жақсы нәтижелерге қол жеткізді

Ал топтық жарыста 176 км-ді Вадим Галеев бірінші болып бағындырды. Олег Земляков екінші орынға табан тіреді. Бахтияр Қожатаев 5-ші болып мәреге жетті. “Элита” сапындағы шабандоздардың арасында топ болып 204 км-ді бағындыруда жерлесіміз Руслан Тлеубаев чемпион атанды. Нәтижесінде ел құрамасы Азия чемпионатында 7 алтын алқамен жалпыкомандалық есепте жеңіске жетті.