Спорт

Өңір каратэшілері республикалық жарыстан жүлделі оралды

 

1 маусым – Халықаралық балларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған каратэден ашық республикалық чемпионат Көкшетау қаласында өтті. Сайысқа 6 мен 17 жас аралығындағы жиыны 240 оқушы қатысқан. Тотамиде олар барлығы 28 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасыпты.

 

Жарыста басты жүлде ретінде “Көкше” академиясының кубогы тігілген. Республикалық сында 8 жерлесіміздің 2-уіне өз салмақ дәрежесі бойынша тең келер қарсылас табылмапты. Сөйтіп олар алтыннан алқа тағынды. Ал 4-уі ақтық сынға дейін жетіп, 2-ші орынан көрінді. Және тағы біреуі қола медалға ие болды. Тәртіпке бағынған құл болмайды. 6 жасар Батырхан Шитканов шинкиокушинкай каратэмен 2 жыл айналысып келеді. Өскенде полиция қызметкері болам дейді.

Батырхан осы спорт түрімен аптасына 3 рет жаттығады. Оны үлкен жарыстарға әжесі мен анасы үгіттеп, жарыстардың алдында жігерлендіріп отырады екен. Олар болашақта ұлдарының тепсе темір үзетін мықты жігіт болып өскенін қалайды.

Жерлестеріміз енді маусымның аяғында елордасы Астанада өтетін халықаралық додаға дайындық үстінде.

 

Берік Қасен