Ауыл шаруашылығы

Көктемгі егіс науқаны аяқталып келеді

Барлығы дәнді дақылдар осы күнге дейін 3,2 млн гектарға сіңірілді. Майлы дақылдар 578 мыңға тарта алқапқа себілген, бұл жоспардың 112 пайызы. Ал мал азығына қарастырылған 125 мың га алқаптардың 96,2 мың гектарына бүгінге дейін біржылдық шөп егілді. Осы уақытта түрен салынған жалпы егістіктердің аумағы 3 млн 900 мың гектарды құрайды. Тұқым себу жұмыстарына жанамалай, алқаптарды тыңайту жұмыстары жалғасуда. Осы күні 269,5 мың га аумақ 32 мың тоннаға тарта минерал қосындыларымен байытылды.

 

Гүлмира Шоқтыбаева